Сосын киім алғанда оның құрамына аса бір назар аударыңыз. Элителен, полиестер деген футболкаларға мүлдем жоламаңыз. Ол 100 пайыз таза мақта емес, қатты терлетеді. Себебі ауаны өткізбейді. Егер құрамы 100 пайыз мақта(Хлопок) футболка алмасаңыз терлегеніңіз терлеген.
Ауа өтпеген соң терлей беретін боласыз. Сондықтан дүкеннен киім алғанда 100 пайыз мақа болғанын қадағалаңыз. 5 пайыз полителен болса болды терлете береді.
Cotton деп отырғанымыз ол мақта! Осы мақта болғаны дұрыс.