Мұндай жағдайда әрдайым да токсикологиялық сипаттағы медициналық көмек көрсетіледі. Облыстық ауруханада, сонымен қатар барлық аудандық медицина мекемелерінде қарақұрт пен жылан уына қарсы сарсу үнемі болады. 1 маусымнан бастап қазірге дейін жеті адам көмекке жүгінді. Оларды жылан, кене және шаяндар шағып, көмекке жүгінген. Шаққаннан кейін асқынулар тіркелген жоқ.
↧